Жылыой ауданының жайылымдық жерлерін сары құмырсқалар басып алды.
Майкөмген, Аққұдық құмды жерлерін құмырсқалардың илеуі жауып тастаған. Бұл топырақпен қоректенетін құмырсқалар.
– Бізде әр жерде биіктігі 1 метр илеулер толып кеткен. Біздің серіктестіктің 100 мың гектар жері бар, соның жартысында құмырсқалар қаптап тұр. Құмырсқалар тіпті малшылардың үйлеріне де кіріп кетіп жатыр, – дейді «Жаңа Таң» ЖШС директоры Шақпақ ЫСҚАҚ.
Шаруалар құмырсқалардан құтылу жолын білмей бастары қатып отыр.
Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ сары құмырсқалардың кесірінен ауданда бірнеше мың гектар жердің жойылып бара жатқанымен келіспейді. Ал, малшылар жайылымды құтқару керек деп дабыл қағады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА