Атырау, 28 қараша 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облысының құрметті азаматы атанды

3 295 просмотра

29 маусымда облыстық мәслихаттың IV кезекті сессиясы өтті. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Марат МУРЗИЕВ 2015 жылғы облыс бюджетінің орындалуын тексеру нәтижелері туралы баяндама жасады.

Ол тексеру жұмыстарының 9 млрд теңгеден астам сомада (республикалық бюджет трансферттері бойынша 622 млн теңгеге және жергілікті бюджет қаржысы бойынша 8 млрд 516 млн теңгеге) қаржылық бұзушылықтар мен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

Облыстың бас тексерушісінің айтуынша, құқық бұзушылықтарға бухгалтерлік есепті қате жүргізу, бюджет қызметкерлерінің жалақысына негізсіз үстеме ақы төлеу, трансферттерді мақсатсыз пайдалану және т.б. себеп болған. Нәтижесінде, 132 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

Содан кейін облыстық мәслихаттың депутаттары 2012-2016 жылдары облыс әкімі болған, қазіргі ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВКЕ Атырау облысының құрметті азаматы атағын беру үшін бірауыздан дауыс берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
29 маусым 2016, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.