Атырау, 28 қараша 20:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күкіртсутекті маусым

2 603 просмотра

Image 0"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.«АЖ» 21 маусымға қараған түні Атырау қаласында орын алған газ шабуылы туралы хабарлаған болатын. Одан кейінгі күндері де қала тұрғындарының тегін күкірстутек «ингаляциясын қолданғаны» анықталды.

Редакция сауалына облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қанат ҚАЛМАХАН былай деп хабарлады: «21-23 маусым аралығында “Жилгородок", “Авангард", “Восток" және “ВестОйл" ауа сапасының мониторинг станциялары (АСМС) сырттағы ауадан ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асу фактілерін әлденеше рет тіркеді. 21 маусымда сағат 21-ден 22 сағат 20 минутқа дейінгі аралықта “ВестОйл" станциясы (ЖЭО маңы) күкіртсутек бойынша ШРК асқанын тіркеді. Мұнда секундына 1-1,73 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыс бағытынан жел соғып тұрды.

22 маусымда 02-08 сағаттарда “Восток" пен “ВестОйл" станциялары күкіртсутек бойынша ШРК асқанын көрсетті.

Экология департаменті ауа ластау көзін анықтау шараларын алуда. Рейдтік шаралар нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 маусым 2016, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.