«Қазавтожол» РМК Атырау филиалы қала көшелеріндегі шұңқырларға жөндеу жүргізу тендерін ұтып алды.
«Қазавтожол» РМК АФ директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ хабарлауынша, жұмыстарды жеті бірлік техникасы бар бір бригада жүргізеді. Жоспар бойынша 74 млн теңгеге 8 300 ш. м. көлік жолдары жөнделеді. Бүгінде осы көлемнің 2 474 ш. метрі орындалды.
Шұңқыр жөндеу – бұзылған асфальттың орнына фрезамен «терезе» ойындысын салып, асфальтқа битум құю және жаңа қабат төсеу кіретін күрделі емес жөндеу.
Мұндай жөндеу жұмыстары Әлиев-Сатыбалдиев көпірінен Махамбет көшесіне дейін; «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінің жанындағы Сырым Датов көшесіне, «Дина» базарының артындағы Сырым Датов көшесіне; бұрынғы АХАЖ-дан теміржол вокзалына дейінгі Баймұханов көшесіне; әскери бөлімшеден «Ақжол» мейрамханасына дейінгі Берғалиев көшесіне; Бірлік поселкесі жанындағы бағдаршамға дейінгі Элеваторная көшесіне; астрахандық және оралдық трасса қиылысынан теміржол өтпесіне дейінгі айналма жолға; Алмагүл ықшамауданындағы орамды жол айрықтарына; Тайманов көшесіне; Әлия Молдағұлова көшесіне; Құлманов көшесіне; Құрманғазы көшесіне («Рауан» сауда орталығына кіретін жолға, «Арман» кафесінің маңына, Афанасьев көшесімен қиылысқа, Әлиев көшесімен қиылысқа); облыстық ауруханадан «Авангард» соңғы аялдамасына дейінгі Владимирский көшесіне; әскери бөлімше жанындағы айналма жолға дейінгі Амандосов көшесіне жасалды.
Говоров көшесіне; әуежай трассасынан Бейбарыс даңғылына дейінгі Рысбай Ғабдиев көшесіне; «Абсолют» дүкенінің маңындағы Атырау ықшамауданына; «4 батыр» ТК жанындағы Қайырғали Смағұлов көшесіне; Молдағұлова көшесінен бастап Шамин көшесіне; «Атырау су арнасы» КМК кеңсесінің жанындағы Әуезов көшесіне; Балықшыдағы «Ландыш» дүкенінің жанына; Жұмыскер поселкесінде Шореев көшесіне; «Нұр-Айна» дүкеніне дейінгі Қожақаев көшесіне; «Каспиан» емханасы маңындағы Карелин көшесіне; «Әдемі үй» дүкеніне қарсы көше және Томарлы ауылындағы Абай көшесіне; Мирас ықшамауданына; Геолог поселкесіндегі «Әйгерім» дүкенінің жанына; Атырау ықшамауданында - Рысмағамбетов көшесінен №31 мектепке дейін ойлы-шұңқырлы жерлерді жөндеу жоспарланды.
Ал егер қандай да болмасын бұзылған жол учаскесі осы тізімге кірмесе ше? С.Молдашевтың айтуынша, мұндай жағдайда қала тұрғындарына «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімі» ММ-не жүгінген жөн.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ