Атырау, 28 қараша 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Көпір келесі жылы тапсырылады

2 926 просмотра

Махамбет ауданындағы көпірге республикалық және облыстық бюджеттен 9,8 млрд теңге бөлінген болатын. Құрылыстың жүріп жатқанына үш жыл болды. Бүгінде мұнда 300-ге жуық адам еңбек етіп жатыр.

Бас мердігер - «АтырауИнжСтрой» ЖШС. Қосымша мердігерлер - «АтырауИнжДорстрой» ЖШС және Ақтау және Алматыдағы көпірді салған әзірбайжандық «Энергомост» ЖШС.

Көпірдің ұзындығы 660 метр, ені 12, 8 метр. Көлік жүретін бөлігінің ені – 7 м. Көпір 12 тіреу бағанасынан тұрады. Қазір сол бағаналарды байланыстыратын монолит бетонын құю жұмыстары жүріп жатыр. Бетон құю жұмысы келесі жылға дейін жалғасады.

- Техника, жұмыс күші, материалдар жеткілікті. Біздің міндетімізге жол салып, екі қабат асфальт құю жатады. Бүгінде біз 5,8 км жолдың екі қабат жұмысын жасап бітірдік. Қазір өзеннің екі бағытында жүріп жатқан 2,8 км және 6 км жолды асфальттап жатырмыз. Сондай-ақ, жолдардың екі қапталын бетонмен қаптау жұмысы жүріп жатыр, - дейді «АтырауинжДорстрой» ЖШС учаске бастығы Асылбек ҚАБДЕШОВ.

Көпір құрылысы 2014 жылдың қаңтарында басталып, 2016 жылды наурызында бітуі тиіс болатын. Енді аяқталу мерзімі 2017 жылға өзгертілген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

27 маусым 2016, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.