Егін егу және жинау жұмыстары үшін отын жеткізудің кестесіне сәйкес АМӨЗ үстіміздегі жылы 90,5 мың тонна дизель отынын тиеуге міндетті.
АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиелім жұмыстары кестеге сәйкес наурыз айында басталды. Наурыз айы жоспарының үштен бірі, ал сәуір айы толығымен орындалды. Бірақ, мамыр және маусым айларында қарқын айтарлықтай төмендеді. Мамырда жоспар бойынша 27 мың тонна болса, оның 18,5 мың тоннасы ғана жеткізілді, маусым айына жоспарланған 24,1 тоннаның орнына фермерлер тек 10,424 мың тонна отынды ғана алды. Бұның себебі неде?
«Ауылшаруашылық өндірушілеріне дизель отынын жеткізу қашанда бірінші кезекте жүзеге асырылатын. Бұл жерде айта кету керек, отынды жеткізу қор қолданушыларынан түскен тапсырыстардың түсу шамасына қарай жүргізіледі. Оның өзі фермерлер төлеген көлемдер бойынша ғана ресімделеді. Қор қолданушылар тапсырысты дер кезінде берген жағдайда қалыс қалу болмас еді», - делінген «АМӨЗ» ЖШС баспасөз релизінде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ