Атырау, 28 қараша 20:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Атырау облысында сібір жарасы жоқ»

2 873 просмотра

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде шаршаңқы әйел дауысы қаламызда сібір жарасының табылғаны туралы хабарлаған аудиоролик жайлап кетті.

Жалпы, егер құлақ салсақ, роликтегі әңгіме Қарағанды облысының Шет ауданы туралы болып отыр. Дегенмен де, біз облыстық ветеринарлық қызметпен хабарласып, Атырау облыстық бас ветеринарлық-санитарлық инспектор Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВТАН комментарий алдық:

- Алаңдауға негіз жоқ, сібір жарасы сырқаты анықталмады. Бұл роликтердің бізге ешқандай қатысы жоқ. Бүгінде өңіріміздегі ахуал тұрақты, толықтай бақылауға алынған. Аудан әкімдері мен ІІД органдарына облыс аумағында малдардың орын ауысына бақылау жасауға тапсырма берілді. Бұған қатысы бар бүкіл қызмет облысқа әкелінетін және біздің аумағымызда тіркелген малдарға күн сайын мониторинг жүргізеді. Кез-келген жағдай тұрақты бақылауға алынған. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселерінің көмілген жерлеріне бақылау жүргізілуде.

Біздің облысымызда олардың саны қанша?

– 1938 жылдан 2002 жылға дейін тіркелген Қазақстандағы сібір жарасынан қырылған малдардың көмілген жерлері арнайы кадастрға енгізілген. Атырау облысында 25 жер бар. Оларға жыл сайын мониторинг жүргізіліп, бақылау жасаймыз, топырақты зерттеп, зертханалық сынамалар жүргіземіз. Алаңдауға негіз жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 маусым 2016, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.