Атырау, 27 қараша 03:21
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әлемдік биржалар Ұлыбританиядағы референдумға байланысты құлдырап жатыр

2 068 просмотра

Әлемдік биржалар Ұлыбританияда өтіп жатқан реферерендумның қорытындысын күтіп, құлдырап жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kzсайты әлемдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жапонияның 225 жетекші компаниясында бағаны белгілейтін Nikkei индексінің құлдырауы 1000-ға дейін жетті. Ал иенаның бағамы 2013 жылдың қараша айынан бастап 1 доллар үшін 99,9 иенге жоғарылаған.

Бомбей мен Үндістанның Ұлттық қор биржалары жұмадан бастап сауданы 2 пайызға төмендетті. Бомбей қор биржасының Sensex индексі 26 367,48-ден 27 002,22-ге дейінгі көрсеткішке жеткен. Ал NIFTY 50 индексі 2,92 пайызға төмендеді, яғни 8 270,45-тен 8 029,10-ға дейін.

Сонымен қатар, Қытайдың қор биржаларында негізгі индекстерге баға белгілеу 1,6-3,6 пайызға дейін төмендеп жатыр. Мысалы, Шанхай қор биржасының Shanghai Composite индексі 2 845,35-ті көрсетіп, 0,61 пайызын жоғалтса, Shenzhen Composite индексі 1,93 пайызға дейін төмендеп, 1 878,29-ға жеткен. Ал гонконг қор биржасының Hang Seng Index индексі 3,64 пайызға төмендеп, 20 107,98-ге дейін жеткен.

Айта кетейік, 299 округтағы дауыс берушілердің санын есептеген соң, референдумға қатысқан 328 округтың сегізі Ұлыбританияның Еуропалық Одақтың құрамынан шығуына дауыс берген. Яғни, 12,6 миллион дауыс берген адамның 51,5 пайызы одақтан шығуды қолдап отыр. Ал Ұлыбританияның Еуропалық Одақтың құрамында қалуына 11,85 миллион адам, яғни дауыс берушілердің 48,5 пайызы дауыс берген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 маусым 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.