Атырау, 27 қараша 03:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұлыбритания: Референдумда ЕО-дан шығуды қолдайтындар алда тұр

2 079 просмотра

Ұлыбританиядағы ЕО құрамынан шығу туралы референдум билборды (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания телеарналары британдықтар 23 маусымда өткен референдумда елдің Еуропа Одағы құрамынан шығуын қолдады деп болжай бастады,- деп хабарлады Азаттық.

BBC 382 сайлау округінде берілген дауыстың 339-ындағы дауысты санағандағы нәтиже бойынша сайлаушылардың 52 пайызы Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын қолдап, 48 пайызы қарсы дауыс берген деп болжайды.

ЕО-дан шығуды қолдайтындар өздерінің жеңіске жеткенін жариялап жатыр. Біріккен корольдік тәуелсіздік партиясының жетекшісі Найджел Фарадж "Біріккен корольдікте тәуелсіздік таңы атты! Егер болжам рас болса, ол барлық британдықтар үшін, мықты адамдар жеңіс болмақ!" деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның көмекшісі Reuters агенттігіне елдің "беймәлім территорияда" тұрғанын айтты.

Англияның солтүстік-шығысындағы қалалардың көпшілігі ЕО құрамынан шығуын қолдаса, Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының көпшілігі одақ құрамында қала беруге дауыс берген.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 маусым 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.