Атырау, 28 қараша 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жайық өзеніне төрт адам батып кетті

2 467 просмотра

Image 0"АЖ" мұрағатынан.Соңғы бірнеше күнде Жайыққа үш адам батып кетті, оның екеуі – балалар.

18 маусымда тал түсте Махамбет поселкесінде өзенге шомылып жүрген кезде 10 жастағы бала суға батып кетті. Оның қасында болған балалар осы оқиға туралы ата-аналарына тек кешкісін ғана айтуға батылдары жеткен. Баланың денесін сүңгуірлер келесі күні судан шығарып алды.

20 маусымда Балықшы округінің Холодильник ауылында жағалауда ойнап жүрген 8 жасар бала Жайыққа құлап, батып кеткен. Денесі бірнеше сағаттан кейін табылды.

Сол күні Мечников көшесінің бойындағы көпір маңына Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны шомылуға барып, суға батқан. Сүңгуірлер денені 22 маусымда судан шығарып алды.

23 маусымда түнгі сағат 1-де сүңгуір-құтқару қызметіне Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында Құлсары қаласынан табыс табуға келген 18 жастағы жігіттің суға кетіп қалғаны туралы хабарлама түсті. Жігіттің денесі бүгін таңертең судан шығарылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 маусым 2016, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.