Оған соңғы кезде халық пен сарапшылардың бойын билеген мазасыздық куә,-деп хабарлады Bnews.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Мәселен, 20 маусымда елдің ЕО-да қалуын жақтаушыларға қарағанда қарсылық білдірушілердің саны басым түсті деген жаңалықтың өзінен биржадағы бағалар күрт өсіп шыға келді. Бір күн ішінде Лондон қор биржасындағы ең басты индекс – FTSE 100 3%-ға өсіп, британдық ірі компаниялардың жиынтық құны 50 млрд фунтқа (73 млрд доллар) ұлғайды. Фунт стерлингтің бағамы бір сессияның өзінде 2%-ға өсті.
Дей тұрғанмен ЕО-дан шығуға қарсылық білдірушілер қатары көбейе түскенін сауалнамалар да нақтылаған. Бұл жағдайда ұлттық валюта бағамы құлдырауы мүмкін деп алаңдаған британдықтар еуро мен долларды көптеп сатып ала бастады. Аталған валюталарға сұраныс Post Office пошта компаниясында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда апта басынан бері 74%-ға көтерілген. Тек сейсенбінің өзінде валюта саудасы бөлімшелерде өткен жылғыдан 49%-ға жоғарылап, интернетте өсім 381%-ға жетті.
Танымал қаржыгер әрі инвестор Джордж Сорос ЕО-дан шыққан жағдайда фунт девальвацияға ұшырайды деп отыр. Оның пікірінше, фунт 1,15 долларға дейін құлдырауы мүмкін.
Дереккөз: Вnews.kz