Атырау, 11 желтоқсан 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

2012 жылға арналған облыс бюджеті – 113 миллиард болды

2 227 просмотра

Облыстық мәслихаттың сессиясында 2012 жылға арналған облыс бюджеті 113 млрд. теңге көлемінде болады деп жоспарланды.

«Біз келер жылдағы бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын, зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды, коммуналдық тарифтер бойынша болжамдарды, инфляция мен күнкөріс минимумының болжамдарын ескердік, сондықтан да жыл ішінде облыс бюджеті бірнеше рет қаралатын болады», -деді өз баяндамасында облыстық бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ.

2012 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігі 2011 жылғы бюджетке қарағанда 15 %  артық. Бұл: өзіндік кірістер - 46 млрд теңге, Атырау қаласы және аудандардан түсетін алымдар - 35 млрд теңге, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 30,4 млрд теңге, бұрынғы берілген несиелер бойынша қайтарымдар - 147,5 млн теңге, республикалық бюджеттен бөлінетін заемдар – 1,5 млрд теңге, азаматтардың жеке табыс салығынан түсетін кіріс – 22,6 млрд теңге, әлеуметтік салық - 21,2 млрд теңге, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлемдер – 1,8 млрд теңге.

Республикалық бюджетке бөлінетін қаржы 39,5 млрд теңгені құрайды; облыс аудандарына бөлінетін субвенция (төлемдер)  – 8,2 млрд теңге; бюджеттік несиелер бойынша төлемдер – 1,5 млрд теңге; білім беру саласының шығындары - 10,5 млрд теңге (оның ішінде мектепке дейінгі оқыту үшін шағын орталықтардың ашылуына  – 1,5 млрд теңге, мектептердің материалдық базасын жақсартуға – 247 млн теңге); денсаулық саласына жұмсалатын шығындар - 11 млрд 98 млн теңге ( оның ішінде ауруханалардың материалдық базасын жақсартуға - 662 млн теңге, дәрі-дәрмек сатып алуға – 1,3 млрд теңге); халықты әлеуметтік қорғау үшін – 1,3 млрд теңге; спорт және мәдени-көпшілік шаралар үшін  - 4 млрд теңге; қорғаныс және құқық қорғау органдары үшін – 3 млрд теңге; бағаны тұрақтандыру және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге – 0,6 млрд теңге; құрылысы 2011 жылы басталған 5 мектептің құрылысын аяқтауға - 2 млрд 615 млн теңге; Құлсары қаласындағы емхана құрылысын жалғастыруға – 0,8 млрд теңге;  Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолының құрылысын жалғастыруға - 4,9 млрд теңге; коммуналдық тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым құрылысына  – 5,3 млрд теңге; облыстың елді-мекендерін электрлендіруді жалғастыру үшін  - 447 млн теңге бөлінді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 желтоқсан 2011, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.