Атырау, 28 қараша 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырау облыстық еңбек инспекциясының басшысы тағайындалды

10 203 просмотра

20 маусымда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұжымына жаңа басшы – Игілік ӘУБӘКІРОВТІ таныстырды. Ол бұдан бұрын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Естеріңізге салсақ, еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Салауат ИШАЙ сәуір айында пара алды деген айыппен мүлкін тәркілеумен бірге 8,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды орында жұмыс істеу құқығынан айыру жазасын алған болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 маусым 2016, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.