Атырау, 28 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қажет болса - Жайықта да көзін құртамыз

Сурет Бейнежазба
1 903 просмотра


16 маусымда Жайықта 41/433 әскери бөлімшесінің «Амфибия» арнайы жасағы (су арнайы жасағы) ТЖД қызметкерлерімен бірге азаматтық кемедегі террористік топты зарарсыздандырып, кепілдікке алынғандарды құтқару жөніндегі тактикалық іс-қимылдарды жүзеге асырды.

Бүгін «Жайық» мейрамханасының маңындағы Жайық жағалауының бойында сирена дыбыстары естіліп жатты. Өзенде орын алған іс-қимыл өтіп бара жатқандардың назарын аударды. Моторлы қайыққа мініп, қара бетперде мен бронжилет киген сарбаздар «басып алынған» кемені қоршап, түтіндету құтысының көмегімен және көздеп ату арқылы тероористік топты зарарсыздандырды. ТЖМ құтқарушылары кепілдікке алынған үш адамды қауіпсіз жерге көшіруге көмектесті. Олар каютаның тас бекітілген есігін сындырып, зардап шегушілерді жағалауға жеткізді.

Оқу-жаттығудан кейін командирлер баспасөзге олардың бөлімшелері үшін антитеррористік бағыт – жаңа тәжірибе екенін, жалпы жаттығудың ойдағыдай өткенін баяндады. Мұндай тактикалық оқуларды тек өзенде емес, теңіз айдынында да өткізу жоспарланып отыр. Рас, ол үшін әзірге әскерилерде жоқ қосымша жарақтар қажет.


Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

17 маусым 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.