Атырау, 27 қараша 03:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей Алеппода 48 сағаттық бітім жариялады

1 800 просмотра

Фото: AFPРесей қорғаныс министрлігі Сирияның Алеппо қаласында 16 маусымнан бастап 48 сағаттық бітім орнайтынын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі dpa агенттігіне Сириялық топтар Алеппода Дамаск уақытымен 16 маусым күні түнде "әскери қимылдарды тағы да тоқтатуға" келіскенін растады.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 15 маусымда Ресей мен Сирия билігіне "АҚШ-тың төзімі таусылып бара жатқанын" айтып, ақпанда жасалған қақтығысты тоқтату келісімін құрметтеуі тиіс екенін ескерткен.

Ресей "Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі "Нусра майданы" тобын Алеппо маңындағы елді мекендерді реактивті дүркіндете ататын жүйеден атқылады және қаланың оңтүстік-батысына танкіден шабуылдады деп айыптайды.

Ресей Алеппода орналасқан сириялық көтерілісшілер мен қарулыц топтармен соғысып жатқан Сирия билігіне жақтас топтарға әуе шабуылы арқылы қолдау көрсетеді.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, 14 маусымнан бері қақтығыстарда 70 сарбаз қаза тапқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 маусым 2016, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.