Атырау, 28 қараша 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Халлибуртонның» бұрынғы қызметкері компанияға қарсы 5 млрд теңгеге талап арыз берді

3 475 просмотра

Image 0Фото: Reuters

16 маусымда Халлибуртон Интернэшнл ЛЛС. компаниясына қарсы Атырау облысының тұрғыны Бисен ЖЕКЕНОВТІҢ талап арызы бойынша сот процесі басталады.

Басқа компаниялармен қатар «Теңізшевройлға» мердігерлік қызмет көрсететін «Халлибуртон» компаниясының бұрынғы қызметкері Жекенов 1998 жылдың маусымында Теңіздегі жұмыс орнында күкіртсутектен өткір уланған. Апаттан соң кешікпей ол жұмыстан босатылады. Сот шешімімен 2003 жылдың басында жұмысына қайта алынады. Алайда компания жылдар бойына өндірісте қайғылы жағдай орын алғаны туралы актіні беру жөніндегі сот шешімін орындамайды. Бұл құжатты талап арыз беруші тек 2015 жылы алады.

«Халлибуртон» компаниясы өндірістегі қайғылы жағдай фактісін, өзінің 100 пайыз кінәсін мойындап қана қоймай, «ауыр» деп сипатталған жарақат деңгейін де мойындады. Осы жылдар бойына өкілетті органдар көптеген медициналық сараптамаларға қарамастан Жекеновтің мүгедектігін танудан бас тартты.

Істі Алматы қаласының Алмалы соты қарайтын болады (талап арыз жауапкердің тіркелген жері бойынша берілді).

Моралдық зиянды өтеу ретінде ҚР-ғы «Халлибуртон» филиалының басшысы Ричард ХЭЙ 2015 жылы өзінің бұрынғы қызметкеріне 1 миллион теңге ұсынады. Алайда Жекенов 5 млрд теңгеден астам мөлшерде материалдық (2000 жылдың мамырынан бастап 2016 жылдың мамырына дейінгі жәрдемақы сомасы) және моралдық зиянды өтеу туралы талап қойып отыр. Сот талап арызды қамтамасыз ету үшін 179 млн теңгеге жауапкер компанияның мүлкіне тыйым салды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

15 маусым 2016, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.