Атырау, 2 мамыр 13:22
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

2016 жылы қай көшелер асфальтталады?

3 765 просмотра

Қала әкімдігі «АЖ»-ның сауалы бойынша биылғы жылы асфальттауға жататын қала көшелерінің үш тізімінің біріншісін ұсынды.

Тізім «Құрылыс, 2016 жылы Атырау қаласында көлік жолдарын күрделі және орта жөндеу» деп аталады. Қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет».

Еркінқала посёлкесі: Есқалиева көшесі, Бөлекқайыр көшесі, Атамұра көшесі, Әленов көшесі, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, Оразалин көшесі.

Томарлы посёлкесі: Әжіғалиев көшесі, Мұңайтпасов көшесі (Әжіғалиев көшесінен Геологқа барар жолға дейін), Оралов көшесі, Алматы көшесі, Бейбітшілік көшесі тротуарларымен бірге, музыка мектебінен Смағұлов атындағы мектепке дейінгі тротуарлар, Абай-2 көшесі, Ермұханов көшесі (Бектеміров көшесінен Колхозная көшесіне дейін), Колхозная көшесі (Бектеміров көшесінен Колхозная көшесіне дейін), Смағұлов көшесінен Томарлы-2 ықшам ауданына дейінгі өткел, №1 көше (Томарлы-2 ауылы).

Саркамыс-2 ықшам ауданы: №4 көше мен №5 көше, №1, 2, 3, 4, 5, 6 көшелердің жолдары.

Қара депо ауылы – Дорожная көшесі (Жиренше шешен), Тереңөзек көшесі, Әнші Мәди көшесі (Вольный өткелі), Ақ депо – Маңғышлақ өткелі (Каспий өткелі), Атамбаев көшесі №1, 7 а, б және Азаттык даңғылы №79, Халелов көшесі №177 б, 177, 175, 173 (Азаттық даңғылы бойындағы №6 мектепке қарама-қарсы), Сарымолда Досмұхамбетұлы көшесі (Перетаска ауданы).

Самал ықшамауданы: №1, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 17, 18, 19 және 20-шы көшелер.

Жұлдыз ықшам ауданы: №9, 22 және 44-ші көшелер.

Балауса ықшам ауданы: №2, 11, 19, 20, 23, 26, 28, 34, 36 және 38-ші көшелер.

Бірлік поселкесі: Бекет-ата көшесі, Геологопоисковая көшесі және Тұмарханым көшесі.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Полымбет ХАСАНОВ күрделі жөндеуге ескі жолдың негізі жатқан жерге жол төсемін салу кіретінін, ал жол құрылысы жол мүлдем салынбаған жерлерде жүретінін түсіндірді. Биыл жол жөндеу жұмыстарына қаржы үш жерден бөлініп отыр: 4,6 млрд теңге көлемінде жергілікті бюджеттен, 4,7 млрд теңге ТШО-дан, 6,09 млрд теңге NCOC-дан. Соңғы екі лот тендерлік және келісімдік процедуралардан өтеді. Бұл лоттар бойынша көшелер тізімін қала әкімдігі кейінірек беруге уәде беріп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.