Атырау, 2 мамыр 12:25
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мектептерді жөндеу басталды

3 371 просмотра

Индер ауданында үш мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Есбол ауылындағы Ж. Жабаев атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру мен сыртын қаптау жұмысын «ДанСтройБазаСервис» ЖШС жүргізуде.

- Күрделі жөндеуге облыс бюджетінен 66 млн теңге бөлінді. Мердігер жұмыстың 20 пайызын атқарып үлгерді. Бұдан бөлек, күрделі жөндеу жұмыстарына абаттандыру, спортзалды, асхананы қалпына келтіру, ток көздері, канализация жүйелерін жаңарту кіріп отыр. Жұмыс мамырдың аяғында басталып, тамыздың ортасында бітуі тиіс еді, бірақ жұмысшылар жөндеуге сәуірдің аяғында кірісіп кетті, соған қарап, жөндеу ерте бітеді деп ойлап отырмыз, - дейді мектеп директоры Майра САБИРОВА.

Индербордағы М. Әуезов атындағы орта мектептің күрделі жөндеуіне 71 млн, ал, Өрліктегі Қ. Абақанов орта мектебіне 79 млн теңге бөлінген. Мердігерлер анықталды.

16 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.