Атырау, 28 қараша 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жанармай бекеті түбіндегі құрылыс

Бейнежазба
3 320 просмотра

«АЖ»-ға Балықшы тұрғыны қоңырау шалды: ол жерде көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр екен, болашақ тұрғындардың терезелері құрылыстың дәл түбінде орналасқан жанармай құю бекетіне қарап тұр.

…Бұл жерде тракторлар, крандар гүрілдеп, у-шу болып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жұмысшылар бір-бірін жарты сөзден ұғатын секілді. Менің түсінуімше, Түркиядан келген жұмысшылар болуы мүмкін. Бекет шынымен де нысанға тым жақын орналасқан. Болашақ зәулім үй мен жанармай бекетіне дейінгі ара қашықтықты адымдап өлшеуге ерінбедім. 20 адым болды. Үйдің өз ауласы, балалар алаңы (ең болмағанда осы болуы тиіс), көлік қоятын жері болуы керек қой. Сонда бүкіл осы шаруашылықтың барлығының қайда сыятыны түсініксіз.

Құрылыс бригадирі ұзақ әңгімеге бармастан, өз компаниясының мекенжайын берді. Бұл «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС деп аталады екен. Кеңсенің өзінен басшылықты таба алмадық. Қызметкерлердің бірі тек директордың сапарда екенін, ал оның орынбасары баспасөздің сұрақтарына жауап беруге әзір еместігін айтты. Айта кету керек, бұл фирмаға қоңырау шалып, ақыры ала алмадық.

Біз қалалық әкімдікке рұқсат қағаздарын беру заңдылығына қатысты сауал жолдаған едік. Ал бұл уақытта сол жанармай бекетінің қайта жарақтау жөніндегі учаске бастығы Михаил ГУСЕВПЕН кездестік. Ол станцияның үйдің болашақ тұрғындарына қауіп тудырмайтынына сендірді. Минималды 25 метр қашықтық сақталған (ер адам ҚР Құрылыс нормалары мен ережелеріне сілтеді), оның үстіне нысан өртенген жағдайда заманауи дабылдатқыш жүйемен жарақталған. Ал отын резервуары жеткілікті мөлшерде жер астына терең орналасқан. Біз жүгінген астаналық сарапшылардың бірі басқаша деп есептейді. Оның айтуынша, жанармай құю бекетінде ТЖ орын алған жағдайда адамдар тең дәрежеде өрттен және соққы толқынынан зардап шегуі мүмкін. Төңірекке жайылатын отын буының әсерін де жоққа шығаруға болмайды. Санитарлық-қорғаныс аймағына келер болсақ, Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес: жүк және жеңіл автокөлік стансасы үшін жанармай станциясы – 100 метрден кем емес, көліктерге қызмет көрсету нысанысыз, жанармай құю саны тәулігіне 500-ден аспайтын бензин буын шығыршықтау жүйесімен жарақталған жеңіл көлікке арналған жанармай станциясы – 50 метрден кем болмауы керек. Алайда, біздің көзіміз жеткендей, ол жерде 50 метр де жоқ.

Қалалық әкімдіктен қала құрылысының негіздемесін редакция әзірге алған жоқ.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

15 маусым 2016, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.