Атырау, 28 қараша 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда бір адамнан бруцеллез ауруы анықталды

3 414 просмотра

Өткен аптада қала емханаларының біріне бір ер адам дене қызуы көтеріліп, әлсіздікке, бауыры тұсының ауырып тұрғанына шағымданды. Анализдері оның қанында бруцеллез қоздырғышы барын анықтады.

– Біз пациенттің инфекцияны қайдан жұқтырғанын біле алмаспыз. Бірақ, Оралдан әкелінген қаймақ пен брынза арқылы деп болжап отырмыз, – дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Роза ЖҰМАШЕВА. – Қазір эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр, зерттеу жүргізу қажеттігі туралы хатымыз Оралға жолданды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

«АЖ» анықтамасы: Адам өміріне қауіпті бруцеллдің төрт түрі бар: сүтпен, несеппен, қағанақ суымен бөлінетін қоздырғыштары бар ешкілер, қойлар (Br.melitensis), сиырлар (Br.abortus bovis), шошқалар (Br.abortus suis) және иттер (Br.canis). Бұл дерт адамға бруцеллезбен ауыратын малдан немесе бруцеллез жұқпасы бар шикі сүттен және пастерленбеген сүттен дайындалған сүт өнімдерінен, әзірленер кезде термалды өңдеуден жеткілікті деңгейде өтпеген ауру малдың етінен жұғады.

15 маусым 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.