Атырау, 27 қараша 03:18
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей "АҚШ Демократиялық партиясына" хакерлік шабуыл жасаған

2 418 просмотра

Ресей үкіметінің хакерлері АҚШ Демократиялық ұлттық комитетінің компьютерлік желілерін бұзып, республикашыл кандидат Дональд Трампқа қатысты зерттеулерді ұрлаған,- деп хабарлады Азаттық Washington Post басылымына сілтеме жасап. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей билігінің хакерлік шабуылға қатысы барын жоққа шығарды. "Біз хакерлік шабуыл болғанын білген кезде оған кәдімгідей назар аудардық" деді комитет өкілі Дебби Вассерман Шульц.

Өткен жексенбіде жаппай тазалау кезінде хакерлер жүйеден шығарылған. Хакерлік шабуыл салдарларын жойған CrowdStrike компаниясы сарапшыларының ұйғарымынша, компьютерлерге жеке екі топ компьютерлер мен электрондық почтадағы хаттарға қол жеткізген.

CrowdStrike мамандарының мәліметінше, бұл хакерлік екі топ Ресей билігіне саяси және экономикалық тыңшылық жасаумен айналысады және барлау қызметімен байланыста. АҚШ билігінің кейбір өкілдері де хакерлер президенттікке Республикашыл партия атынан түсуге үміткер Дональд Трампқа және Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонға қатысы бар компьютерлерге кірмек болған дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 маусым 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.