Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Сарайшық» базарындағы түнгі өрт

Сурет Бейнежазба
4 077 просмотра


Түн ортасында ТЖД пультіне Нұрсая ықшамауданындағы «Сарайшық» коммуналдық базарының ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 5 өрт сөндіру жасағы шығады.

Базарға кіретін жерде ғимарат жақтан қою тұманның будақтап шығып жатқаны көрініп тұрды. Түтіннің ащы иісі жақын маңдағы тұрғын аудандарға сезілді. Сол жерде өрт сөндірушілер, коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жүрді.

Өрт ауыздықталғаннан кейін «Өрт сөндіру және апаттан құтару жұмыстары қызметі» ММ жедел кезекшісі Қуанбек РАПИҒОЛЛАЕВ не болғанын әңгімелеп берді:

- Азық-түлік бөлімінде 13 тоңазытқыш витриналар өртенген. Қазір біз оларды сөндірдік.

«Сарайшық» базарының әкімшісі Нұржамал ТОЛҚЫНБАЕВА:

- Ғимаратты жапқан кезде, бәрін тексеріп шықтық. Бәрі дұрыс болатын, тоңазытқыштар жұмыс жасап тұрды. Ғимараттың ішінде «Халық банкі» мен «Цесна» банктің екі банкоматы және терминалдар бар. Бірақ оларға өрт тимеді, бірден бәрінің электр көзін ажыратып тастады. Газ жоқ, газды баяғыда наурыздың аяғында жауып тастадық. Шамасы, ауа-райы әсер ететін шығар – бізде үнемі ыстық болып тұрады. Тоңазытқыштар үнемі қосылып тұрады, электр жүйесіне көп күш түседі...

Түнгі сағат бірлерге қарай өрт толықтай өшірілді.




Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор
15 маусым 2016, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.