Атырау, 28 қараша 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда көлік оқиғасынан жүргізуші мен кішкентай сәби көз жұмды

4 015 просмотра

14 маусымда Атырауда Сәтпаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Ниссан Альмера» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «ВАЗ-2107» көлігімен соқтығысады. Нәтижесінде «Жигули» жүргізушісі сол жерде көз жұмып, оның жолаушылары – екі әйел мен үш бала жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін бір жасқа да толмаған сәбидің облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде шетінеп кеткені белгілі болды.

ҚІІБ-де ҚР ҚК-нің 345-баптың 4-тармағы («Екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі ережесін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын хабарлады. «Ниссан Альмера» жүргізушісін уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешілуде.

Марат ТАКУЛИН
14 маусым 2016, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.