Атырау, 27 қараша 03:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде мінілген көліктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін

2 482 просмотра

Фото: РИА НовостиРесейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі мінілген көліктерді қолдан сатуға тыйым салу туралы ұсынысты қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Аuto.vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл ұсыныс ресейліктердің мінілген көліктерді тікелей келісімдер арқылы сатып алу мүмкіндіген айырып, мінілген көліктерді дилерлер арқылы сатып алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автокөлік иелері көліктерді дилерлік орталықтардың көмегімен сатып алуға міндеттелетін болады. Осылайша автокөлік бірнеше техникалық және заңгерлік тексерістен өткен соң ғана сатылады.

Сарапшылардың айтуынша, ресейлік билік өкілдері осы ұсынысты қолдаса, автокөліктердің бағасы айтарлықтай өседі - әрине, сатушы мен сатып алушы арасындағы қызмет те тегін болмайды.

"Ресейлік автокөлік дилерлері" ассоциациясының басшысы Владимир Моженковтың айтуынша, нарықтағы жаңа ережелер мінілген көліктердің нарығын жандандырады, себебі сатып алушылар мінілген көліктердің қауіпсіздігіне сенімді болады. Осындай өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік бюджет жыл сайын толықтырылып отырады.

Айта кетейік, Қазақстанда елдегі автопарктерді жаңарту мақсатында алымдар енгізілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан 2016 жылы "Өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттерін арттыру" ережесімен жұмыс істей бастады. Қазір үкімет пайдалануға берілген көліктерге байланысты бағдарламаны жетілдіріп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 маусым 2016, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.