Көрнекі сурет. Фото: AFPБҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресей, Африка және мұсылман елдерінің қарсылығына қарамастан Флоридадағы гей-клубқа шабуылды айыптайтын қарар қабылдады,- деп хабарлады Азаттық.
Қауіпсіздік кеңесі АҚШ ұсынған қарарда "адамдарға жыныстық белгісі бойынша шабуыл жасауды" айыптады. Флорида штатының Орландо қаласында қарулы адам гей-клубқа шабуыл жасар алдында өзінің экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына адал екенін білдірген. Шабуылдан 49 адам қаза тауып, 53 адам жараланған.
Құқық қорғау ұйымдары ИМ ондаған гейді көпірден лақтырып, я атып өлтіріп, олардың видеосын интернетке жариялаған дейді.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Дэвид Прессман қарарды қолдауға шақырған кезінде "Егер біз адамдарды мұндай қырғынға ұшыратуға бірігіп қарсы тұрсақ, онда оны жасаған террористерді айыптап қана қоймай, барлық адамдардың универсалды қадыр-қасиеті мен ар-ұжданын бірігіп қолдаудың басты алғышарттарын жасауда да теңдей бірігейік" деді.
БҰҰ мәліметінше, 74 мемлекетте гей болу қылмыс саналады. Гейлер құқығы мәселесі әдетте БҰҰ-да қызу пікірталастар тудырады. Ресей таяуда мұсылман елдерімен бірігіп гейлер құқығын қорғайтын топтардың БҰҰ-ның СПИД-пен күрес жөніндегі конференциясына қатысуына тыйым салуды қолдаған.
Дереккөз: Аzattyq.org