Атырау, 28 сәуір 18:19
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Facebook қолданушылардың суреттерін ескертусіз өшіре бастайды

2 552 просмотра

Facebook шілде айынан бастап әлеуметтік желіге сурет жүктеу ережесін өзгертеді. Жаңа ережеге сәйкес, компания қолданушылардың дұрыс емес деп танылған кез келген суретін өшіріп тастай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты PhoneArena-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, iPhone смартфонынан автоматты режимде жүктелген барлық альбом өшіріледі. Яғни, iPhone тұтынуышлары 7 шілдеге дейін Moments қосымшасын жүктеп алуы тиіс, олай болмаған жағдайда әлеуметтік желіге аккаунттан және смартфоннан тікелей жүктелген суреттер өшіріледі.

Қазір Facebook қолданушыларға әлеуметтік желідегі суреттерді сақтап алуға кеңес беріп жатыр. Компания өкілдері неліктен мұндай шешім қабылданғанын да түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, сурет Moments қосымшасы арқылы жүктелетіндіктен, бұл қолданушыларға Интернет трафигін үнемдеуге көмектеседі. Дегенмен кейбір қолданушылар қосымшаны міндетті түрде орнату қажеттілігіне наразылық білдірді.

Еске салайық, 2012 жылдан бастап iPhone және iPad тұтынушылары үшін Facebook профиліне суретті синхрондау функциясы болған еді. Яғни, суреттер автоматты түрде жеке альбом болып сақталатын.

Дереккөз: Тengrinews.kz

14 маусым 2016, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.