Фото: AFP13 маусым күні түнде Париж түбінде пышақпен қаруланған ер адамның қолынан полиция қызметкері мен оның әйелі мерт болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, полиция қарулы адамның көзін жойып, ол кепілге алған баланы құтқарып қалған,- деп хабарлады Азаттық.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Пьер-Анри Брандеттің хабарлауынша, хабарлауынша, шабуыл жасаған адам Парижден батысқа қарай 55 километрдегі Магнанвилль қаласында түнде полицияны үйінің алдында пышақтап өлтірген. Бұдан соң ол үйге басып кіріп, әйел мен баланы кепілге алған. Полиция жасағы кепілдегілерді құтқару үшін үйге басып кірген.
Кепілдегі әйел мен шабуылдаған адам мерт болып, жас бала аман қалған.
"Ауыр қайғыға ұшырадық. Бақытымызға орай, баланы аман-есен құтқарып қалдық" деді Брандет.
Шабуыл жасаған адамның кім екені және оны мұндай қылмысқа не итермелегені әзіге белгісіз. Еуропаның өзге де елдері сияқты Францияда да бұған дейін бірнеше шабуыл болған.
Дереккөз: Аzattyq.org