Атырау, 28 сәуір 16:53
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Заңсыз тексергені үшін айыппұлмен жазаланды

2 328 просмотра

Жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтың телефонына (27-08-05) заңсыз тексерулер жүргізілгендігі туралы 17 шағым түсіп, олар бойынша шұғыл шаралар алынды.

Облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Сабырбек НҰРЫШЕВ мысал келтірді. Ақпанда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) қызметкерлерінің өз қызметіне заңсыз тексеру жүргізгендігі туралы кәсіпкерден қоңырау түскен. Прокурорлар соның алдында МКБ басшысының орынбасары Қалихан ЕРЖАНОВТЫҢ кәсіпкерге тиесілі дүкенге заңсыз келіп, сауда залы мен қосалқы орынжайды тексеріп қарай бастағанын анықтады. Содан кейін ол дүкен қызметкерлерінен құжаттарды ұсынуды талап еткен. Ал оның нысанға барып, құжаттарды талап етуге құқығы жоқ еді. Өйткені, тексеру жүргізу үшін өкілетті тұлға болып табылмайды және тексеру тағайындау туралы акт енгізілмеген.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабының 1-тармағына сәйкес, тексеру нысанасына барып, ақпаратты сұрату тексеру болып табылады. Осы кодекстің 147-бабының 5-тармағына сәйкес, тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.

Қалалық прокуратура қалалық МКБ басшысының орынбасарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 1-тармағы («Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу») бойынша өндірістік іс қозғады. Әкімшілік сотының қаулысымен оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни, 42 420 теңге айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 маусым 2016, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.