Атырау, 28 сәуір 21:23
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

SIPRI: АҚШ пен Ресей ядролық арсеналын жаңалап жатыр

2 654 просмотра

Көрнекі сурет. Фото: AFPШвецияның ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша талдау жасайтын Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты (SIPRI) АҚШ пен Ресей ядролық арсеналдарын азайту қарқынын төмендетіп, арсеналын жаңартып жатыр деп мәлімдеді. SIPRI жариялаған есепте биылғы жыл басына дейін ядролық қаруы бар тоғыз мемлекеттегі ядролық оқтұмсық саны өткен жылмен салыстырғандар 455-ке азайғаны айтылады,- деп хабарлады Азаттық.

Тоғыз ел - АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Израиль және Солтүстік Кореядағы ядролық оқтұмсықтардың жалпы саны 15 мың 395-ке жетеді, олардың 4 мың 120-сы жедел қолдануға дайын. Институт есебінше, бұл елдердегі ядролық оқтұмсық саны 2015 жылы 15 сың 850 болған.

SIPRI 2016 жылдың басында Ресей арсеналында 7 мың 290, АҚШ-та 7 мың ядролық оқтұмсық болғанын айтады. Институт дерегіне қарағанда, Францияда 300-ге тарта ядролық оқтұмсық, Қытайда 260, Ұлыбританияда 215, Пәкістанда 110-нан 130-ға дейін, Үндістанда 100-ден 120-ға дейін, Израильде 80, Солтүстік Кореяда 10 ядролық оқтұмсық бар.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 маусым 2016, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.