Атырау, 28 қараша 21:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көңіл айту

5 359 просмотра

Image 02016 жылдың 3-маусым күні ұзақ уақытқа созылған дерттен «Ембімұнайгаз» АҚ ардагері, геолог-мұнайшы, мемлекеттік саладаұзақ жылдар еңбек еткен Ізтелеуов Беркін Кенжеғалиұлы дүниеден өтті.

Ізтелеуов Беркін Кенжеғалиұлы 1937 жылдың 18-сәуірінде Гурьев (Атырау) облысы Доссор поселкесінде дүниеге келді. 1954 жылы академик И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-газ институтына оқуға түсіп, 1959 жылы тау-кен инженері, геолог мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп шығады. Жоғары оқу орнын бітірген Беркін Кенжеғалиұлы еңбек жолын ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастайды. Кейіннен «Мақат» мұнай кәсіпшілігінің мұнай өндіру цехының басшысы болып тағайындалады.Ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалаған басшылық жас маманды 1963 жылы «Прорва» мұнай кәсіпшілігінің аға геологы, 1966 жылы «Қаратон» мұнай кәсіпшілігі басқармасының аға геологы етіп тағайындайды.Оның көпшілікпен жұмыс істеудегі білімі мен мол тәжірибесі партия саласындағы жұмыстарға бағытталып, Б.Ізтелеуов 1970-1992 жылдары Мақат, Ембі, Новобогат, Махамбет аудандық партия ұйымдарын басқарады. Гурьев облыстық партия комитетін, облыстық Кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарады. 1975-1977 жж. КСРО жанындағы жоғарғы партия мектебінде оқиды. Беркін Кенжеғалиұлы Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алған жылдарда, 1992-2000 жж. «Қазнефтебитум» ҒӨБ бас инженері, «Мұнай» ҒӨО бас директордың бірінші орынбасары, 2000-2006 жж. «Ақсай» ЖШС атқарушы директоры, 2006-2008 жж. Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметтерін атқарды. Табысты еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Құрмет белгісімен, медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Бірнеше рет аудандық, облыстық халық кеңесінің депутаты болып сайланған.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы атынан Атырау облысының, отандық мұнай өндіруші Компанияның дамуына үлкен үлес қосқан ардагер мұнайшының дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасының, туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Қазақстандық геолог-мұнайшы, талантты басшы Ізтелеуов Беркін Кенжеғалиұлының есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Құрметпен, «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы

10 маусым 2016, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған