Микаэль Шефер бастаған бірнеше неміс моделі Францияда футболдан Еуропа чемпионатының басталуына орай Берлин орталығында жалаңаштанды, - деп хабарлайды Vesti.kz
Жалаңаш қыздардың фотосессиясы Бранденбург қақпасының алдында өтті. Модельдер бастапқыда суға шомылатын киіммен, кейін киімін шешіп, суретке түскен. Шефердің айтуынша, акцияның барлық қатысушысы футболды қатты жақсы көреді және олар осы спорт түрінің ұлттарды біріктіре алатынына сенеді.
Басылымның мәліметінше, қыздардың бұл өнеріне бірнеше полиция қызметкері куә болған. Қызметкерлер қыздарға қатысты ешқандай шара қолданбапты. Басқа суреттерді мына жерден көре аласыздар.
Еске салайық, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар, матчты тікелей эфирде "Қазақстан" мен Kazsport телеарналары көрсетеді. Трансляцияның қай уақытта басталатынын мына жерден көре аласыздар.
Дереккөз: tengrinews.kz