Атырау, 2 маусым 08:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +32
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Тель-Авивте теракт болды

2 022 просмотра

Image 0Тель-Авивте белгісіз біреулер оқ атып, кемінде он адамды жаралады.

Жараланғандардың бірі ауыр халде жатыр. Тағы екеуінің жағдайы нашар, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Оқиға көпшілік көп жүретін «Сарона» базары маңында орын алды. Базарға қарсы бетте Израильдің қорғаныс министрлігі және бас штабтың бірнеше ғимараты орналасқан.

Белгілі болғандай, терактіні екі палестиналық жасаған.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаның теракті екенін растады. Қылмыскерлер ұсталып, тергеліп жатыр, деді құқыққорғау органдарының өкілі Мики Розенфельд

«Палестиналық лаңкестердің екеуі де оқиға орнында ұсталды», – деді Розенфельд.

БАҚ ақпаратына сүйенсек, ұсталғандар Хеврон (Иордан өзенінің батыс жағалауы) қаласының тумалары, жақын ағайындылар көрінеді.

Тель-Авивтегі терактіде төрт адам көз жұмып, 10 адам жараланды.

Дереккөз: bnews.kz

9 маусым 2016, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.