Атырау, 25 желтоқсан 18:08
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Ешкілер үшін жазаланды

3 250 рет қаралды

Image 0Латвия Республикасының азаматы Орал-Атырау трассасында бірнеше ешкіні басып кеткені үшін айыппұлмен жазаланды.

2016 жылдың мамырында «Scania» көлігіне мінген шетелдік жүргізуші Орал-Атырау трассасында жол қозғалысы ережесін сақтамай және метеорологиялық жағдайды ескермей келе жатады. Нәтижесінде жол бойындағы төрт ешкіні басып кетеді. «Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-тармағы («Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзушылығы») бойынша кінәлі деп танылды. Сот отырысында ол өзінің кінәсін ішінара мойындады», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Индер аудандық сотының қаулысымен Латвия азаматына 10 АЕК (21 210 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.