Соңғы уақытта жастар арасында қауіпті селфи жасау сәнге айналды. Бұл жаман әдет Атырау қаласында да көрініс тапты.
Жақында қала тұрғындарының бірі көпқабатты үйдің төбесінде екі жас қыздың селфи жасап жүргенін видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратқан болатын. Кейін бұл Алмагүл ықшам ауданындағы №17 үйдің төбесі екені анықталды. Қызық қуған қыздар отпен ойнап жүр.
Дана МАҚАЖАН, АМУ-дың 2-курс студенті