Егер Ұлыбритания тұрғындары референдумда Еуроодақтан елдің шығуына дауыс берсе, британдық экспорттаушылар 8 млрд. долларға дейін қаражаттан айырылады, деп хабарлады Gazeta.ru Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Роберто Азеведоға сілтеме жасап.
Сонымен бірге ол ЕО-дан шығу шетелдік әріптестермен сауда тоқтамайды, бірақ та ол Британия үшін «өте нашар жағдайда өтуі мүмкін» деп атап өтті.
Сондай-ақ ДСҰ басшысы егер ел ұйымнан шығатын болса, Британияның ЕО-мен сауда айналымын қалпынпа келтіруге қанша уақыт кететінін әзірге бағалау мүмкін емес, деп мәлімдеді. Оның пікірінше, келіссөздер 10 жылға және одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.
Бұдан бұрын, Британияның ЕО-дан шығуын жақтайтындар саны 41 пайызға дейін артқаны хабарланған болатын.
Ұлыбританияның Еуропалық одаққа мүшелігі туралы референдум 2016 жылғы 23 маусымда өтеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат