Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған депутаттарды қылмыстық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл заң оппозициялық Халықтар демократиялық партиясының (ХДП) бірқатар депутатына қатысты сот процесін жүргізуге жол ашады. Президент бұл партияны Түркияда тыйым салынған «Күрдістан жұмыс» партиясының бөлігі деп есептейді, деп хабарлады ВВС агенттігі.
«Рейтер» агенттігінің ақпаратында парламенттің 138 мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланған. Алайда, осыған дейін оларды соттау мүмкін болмады. 138 депутаттың 101-і екі ірі оппозициялық партияның - ХДП және солшыл-центристік Халықтық-республикалық партиясының мүшелері.
Заң жобасын парламент мамыр айының соңында құптады. Оны заң шығарушылардың басым бөлігі қолдады (550-дің 376-сы).
Парламент шешімін Ердоған қолдады. Ол ХДП-ның «Күрдістан жұмыс» партиясымен байланысы бар деп санайды. Эрдоғанның пайымынша, «Күрдістан жұмыс» партиясы Түркия қалаларындағы бірқатар террорлық әрекеттерге жауапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат