Атырау, 11 наурыз 10:07
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

Лондон мэрі Рамазан айын қалай өткізіп жатқанын әңгімелеп берді

1 622 просмотра

Image 0Ұлыбритания астанасының мэрі Садик Ханға Ораза кезінде ашқұрсақ жүру әсте қиындық тудырмайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Садик Хан жаңа қызметте мұсылмандардың қасиетті айын қалай қарсы алғанын айтты.

«Рамазан айы қоғам үшін игілікті істер істеп, дініміздің жайлы қаңқу сөздерге тосқауыл қоятын тамаша мүмкіндік деп білемін», - дейді Садик Хан.

«Сондықтан мен бұл айда адамдармен көбірек пікір алмасып, ауызашар өткізу арқылы олармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысамын», - деп толықтырды қала басшысы.

Биылғы қасиетті айда Садик Ханның жұмыс кестесі тығыз. Британияда Еуроодаққа мүшелік мәселесі жөнінде референдум өткізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: bnews.kz

8 маусым 2016, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.