Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бішкекте ТМД-да ықпалдастықты арттыру туралы құжаттарға қол қойылды

1 853 просмотра

Image 0

Бішкекте ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Достастық ішінде интеграция деңгейін арттыруға бағытталған 16 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Бішкекте ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«ТМД атқарушы органдарының қызметін жетілдіруге және ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу туралы хаттамалық шешім қабылданды», - деді ол.

Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, «ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелеріне қатысты сындарлы пікір алмасуға жақсы негіз болады».

Жээнбеков отырыстың күн тәртібіне енгізілген құжаттардың үштен бірі гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге бағытталғанын атап өтті. Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасында хаттама қабылданды, онкологиялық аурулармен күрес, алдын алу жәнек қант диабетін емдеуге қатысты тұжырымдамалық құжаттар мақұлданды.

Айта кетсек, биыл ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толады. Мерейтой жылында ТМД-ға Қырғызстан төрағалық етеді.

Дереккөз: bnews.kz
7 маусым 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.