Атырау, 28 қараша 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Балкон құлады, ал мен тірімін – соған да рахмет»

2 688 просмотра


Бірнеше жылдан бері Құнанбаев көшесінің бойындағы 4 қабатты №10 үйдің тұрғындары дабыл қағуда: бұл жердегі балкондар мен подъездердің күнқағарларының тозығы жеткен, кез-келген сәтте опырылып кетуі мүмкін.

Екінші подъездегі төртінші қабат балконының қай кезде опырылғаны туралы бұл жерде ешкімнің есінде жоқ. Бірінші подъездің үшінші қабатындағы пәтердің балконы осыдан төрт жыл бұрын құлады. Осыдан тура екі апта бұрын таңертең ертемен бір қабат төмендегі пәтердің балконы опырылды. Қожайыны ол жерге темекі тартуға шыққан екен... Балконмен бірге төменге қарай ұшып кетіпті.

Қайта биіктік үлкен емес, аяғым жарақаттанып, қабырғам сынып, аман қалдым. Жерде ешкімнің болмағаны да жақсы болды, - дейді ер адам сол кезде жағымсыз оқиғаны есіне алғысы келмей. – Қазір міне, көріп отырғандай тірімін, жүрмін. Бұл туралы енді не айтуға болады? Балконды кері жасай алмайсың, ал мен тірімін, соған да рахмет.

Оның көршісі анағұрлым әңгімешіл екен:

Балконның құлауы мүмкін екенін ТЖД-ға әлденеше рет хабарладық. Алайда ешқандай әрекет болған жоқ. Егер бұл күндіз орын алса, зардап шегушілер көп болар еді. Аулада балалар ойнайды, олар қай жер қауіпті, қай жер қауіпсіз деп таңдамайды ғой. Қазір құлаған екі балконның үстіндегі, 4-қабаттағы балкон өте нашар күйде. Ешкім ештеңе жасамайды. Подъезге ұшып кіруге тура келеді, өйткені күнқағардың түрі адам шошырлық. Бұл да дәл осылай опырылуы мүмкін.

Айта кету керек, бұл үйде ПИК жоқ. Оның үстіне, бұл жердегі көп пәтерлер жалға беріледі. Ал бәле аяқ астынан орын алуы мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 маусым 2016, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.