«Мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы» шымкенттік бизнесмен Т.ТӨЛЕШОВТІҢ сыбайластары ретінде ҚР Қарулы күштерінің екі офицері – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат ЖУМИН мен Қайрат ПЕРНЕБАЕВ танылып отыр. «Олар ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оларға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешілуде», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан КАРАСЕВ. Ғаламтордан іздегенімізде осы офицерлер туралы төмендегі ашық мәліметтерді ғана таптық.
Подполковник (2015 жылы) Қайрат Пернебаев
«Соңғы бірнеше күндері Астана тұрғындары мен қонақтары 7 мамырға орай күн сайын Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштері өткізіп жатқан мерекелік парадқа дайындық элементтерін тамашалайтын болды. Әскери ұшақтар әуеде 7 мен 0 санын бейнелеп, көрермендерін ерекше таңғалдырды. Аспан төріне жазылған «жетпіс» саны қазақстандық әуе әскерінің Жеңістің 70 жылдығына орай бүкіл елге жасаған сыйы болмақ.
Мұндай идеяның қайдан пайда болғаны, оны жүзеге асыру қиын болды ма және парад кезінде Астананы тағы қандай тосын сыйлықтар күтіп тұрғаны туралы DixiNews.kz-ге 602-ші авиациялық база командирі, осы эскадрильяның қолбасшысы, подполковник Қайрат Пернебаев әңгімелеп берді.
Полковник Кайрат Пернебаев с семьёй. Фото: otyrar.kz
DixiNews.kz: — Мұндай пішінді орындауды – ұшақпен 70 санын бейнелеуді кім ойлап тапты?
Қайрат Пернебаев: — Біздің ардагерлерімізге, біздің халқымызға осындай сыйлық жасау идеясын Әскери Әуе күштерінің бас қолбасшысы полковник Дәурен ҚОСАНОВ ұсынды. Бізге тиісті тапсырма беріліп, біз осы цифрларды жасауға дайындала бастадық. Қажетті қашықтықтар мен аралықтарды қолдану үшін арнайы есептеулер қажет болды.
— Орындау тұрғысында бұл қаншалықты күрделі?
— Ең жоғары пилотажда бүкіл пішіндердің өз қиындықтары бар. Ал бұл өте өзгеше. Өйткені, МиГ-29 истребительдері мен Су-25 шабуылдаушы ұшақтар бір ретпен ұшып жүреді.
Бұл - тығыз әскери бір реттік тәртіптегі 15 ұшу аппараты, бірдей ойлайтын 15 ұшқыш. Бүкіл пішіннің сұлулығы олардың әрқайсысының іс-қимылына байланысты болады. Тағы бір ерекшелік: егер төменнен қараса, ол «70» санын құрайды. Ал жоғарыдан бәрі айнадағыдай бейнеде көрінеді, жетілік оң жақта, ноль сол жақта болады.
— Қандай себеппен ұшақтың тек бір түрі емес, екі түрі таңдалды?
— Мен аралас авиациялық базасы бар авиациялық бөлімшенің командирімін. МиГ-29, Су-25 және әскери авиация бар. Сондықтан бізге осындай пішінді жасау оңай болды. Біздің бәріміз бір бөлімшенің ұшқыштарымыз және бір-бірімізді түсінеміз.
— Дайындық қанша уақыт алды?
— Ұшқыштар құрамының дайындық деңгейі бірден осындай пішін жасауға мүмкіндік береді, бірақ дайындық кезеңмен жүргізілді. Алдымен ұшқыштарды, содан кейін техниканы таңдадық. Өйткені әр техниканың, тіпті бір типті болса да, өзіндік ерекшеліктері бар. Бір жерінде тарту күші көп болса, бірінде аз болады. Жұппен, екі ұшақпен ұшудан бастадық. Содан кейін звеномен, пішіннің жекелеген бөліктерін жасап ұштық. Содан соң кезеңмен біріктіре бастады. Мұның бәріне бір жарым-екі ай уақыт кетті.
— Аспандағы 70 санын парадқа дейін көріп үлгерді. 7 мамырда көрермендер үшін әлі көрсетілмеген авиацияның тосын сыйы бар ма?
— Бар, бірақ оны қазір айта алмаймын. Бірақ 70 те жай ғана пішін, жай ғана сан болмайды. Мен мұны ең алдымен біздің ардагерлерімізге, біздің Жоғарғы бас қолбасшымызға, Қазақстанның бүкіл халқына, біздің Жеңісімізге бей-жай қарамайтын барша жанға Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштері ұшқыштарының сыйлығы деп есептеймін».
http://dixinews.kz/ 5.05.2015 ж.
Полковник Бекзат Жумин:
Полковник Бекзат Жумин. Фото: otyrar.kz
«ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметшісі өткен аптада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жай-күйін көрсеткен сынақтардан өтті.
Апталық экспресс-тест қорытындысы бойынша 2015 жылы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік бөлімшелері айқындалды. Үздік танкті взвод 35748 әскери бөлімінің бөлімшесі, үздік минаатқыш батареясы 61993 әскери бөлімі (ескерту – «Қазбриг», аэроұтқыр әскерлері), үздік мотоатқыш взводы 32039 әскери бөлімі, үздік десанттық-шабуылдау взводы 61993 әскери бөлімі, үздік инженерлік-саперлік взвод 61993 әскери бөлімі, Р-142 стансасының үздік есеп тобы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері, атап айтқанда, 16194 әскери бөлімі мен 61993 әскери бөлімі атанды.
Осылайша, лайықты жауынгерлік даярлығын көрсеткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік әскери бөлімі бөлім командирі подполковник Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылық ететін 61993 әскери бөлімі болды. Үздіктер арасында 35748 әскери бөлімі (бөлім командирі полковник Бекзат Жумин), 32039 әскери бөлімі (бөлім командирі майор Абай Әлібеков) және 16194 әскери бөлімі (бөлім командирі Тілек Әбдірахманов) де бар.
Экспресс-тест - ҚР ҚК Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлықты тексерудің негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Бұл сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің қайсысы өткен жыл бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті.
Бұдан басқа, анағұрлым ерекшеленген бөлімшелер мен жауынгерлер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысынан грамоталар, сыйлықтар мен жүлделер алатын болады».
www.zakon.kz 19 қазан 2015 ж., ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасалған.
Өз ақпаратымыз