Атырау, 26 қыркүйек 06:01
 дождьВ Атырау +18.3
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

«Өте жеңіл үкім берді деп есептеймін»

2 655 рет қаралды

Мамырдың аяғында Батыс Қазақстан облысының Теректі аудандық соты жыл басында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік апаты туралы іс бойынша үкім шығарды.

Бұл 17 қаңтарда Орал-Ақсай тас жолында орын алған еді. «Фольксваген-Шаран» қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада Приорамен» соқтығысады. Апат салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Оның үшеуі сол жерде, тағы екеуі біраз уақыттан кейін ауруханада көз жұмды. Сот апатқа кінәлі тұлғаға – «Шаранның» 41 жастағы жүргізушісіне колония-қонысына 5 жыл мерзімге жаза кескен еді.

– Үкімді негізді деп есептемеймін, - дейді «Приорадағы» қаза болған әйелдің әкесі, Атырау тұрғыны Қайрат ҚОЖАХМЕТОВ. – Мен бір сәтте күйеу баламнан қызымнан, немеремнен айрылдым. Марқұмдардың артында тағы екі жас баласы қалды. Сотта «Шаран» жүргізушісінің ұялы телефонмен сөйлесіп, сағатына 120-140 км жылдамдықпен келе жатқаны, бастысы – аяқ астынан қарсы жолаққа шығып кетіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығы дәлелденді. Ол айыпталған ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Бірақ сот колония-қонысына аз мерзімде жаза тағайындаумен шектелді. Біз бұл шешімді өте жеңіл деп есептейміз және апелляциялық шағым беріп қойдық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 маусым 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.