Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы еуропалық тұтынушылар үшін қара алтын құнын 35 центке арзандатты. Есесіне АҚШ-қа сататын мұнайды 10 центке қымбаттатқан. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымына сілтемемен 24.kz хабарлады.
Сарапшылар Сауд Арабиясының мұндай шешім қабылдауына Иран мен Еуропа арасындағы сауданың қайта жандана бастауы себеп болғанын айтады. Бүгінде бұл ел кәрі құрлық елдер нарығына тәулігіне 800 мың баррель мұнай экспорттайды. Ал Иран 400 мың баррель ғана саудалайды. Бірақ алдағы уақытта Иран басшылығы сауда көлемін 700 мың баррельге дейін көтеруді көздеп отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат