Атырау, 27 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ЕАЭО үшінші елдерден ет пен картоп импортын екі есеге азайтуды жоспарлап отыр

1 467 просмотра

Image 0Санкт-Петербор халықаралық форумында ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері бойынша импортты алмастыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Азық-түлік өнеркәсібі – Ресей экономикасының басым саласы. Еуразиялық экономикалық одақты кеңейту мен импортты алмастыру жағдайында дамудың негізгі трендтері» тақырыбына арналған Санкт-Петербор халықаралық форумында Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері келісілген агроөнеркәсіп саясаты туралы баяндады.

Азық-түлік өнеркәсібінің орнықты дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат және азық-түлік нарықтарын реттеу, имппортты алмастыру, технологиялық стартаптарды дамыту проблемасымен байланысты бірқатар мәселе қаралды.

Форум ашылуында сөз сөйлеген ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені алқасы мүшесінің (министр) көмекшісі Александр Сычев Алқа мүшесі Сергей Сидорскийдің құттықтауын оқып берді. ЕЭК министрінің құттықтау сөзінде АӨК саласында инновациялық дамудың бірыңғай векторын қалыптастыруға қатысты ЕАЭО аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы аталып өткен.

ЕЭК агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары Анна Буць пленарлы отырыс барысында ЕАЭО мемлекеттерінің агроөнеркәсіп кешенінде импортты алмастыру келешегі жайында баяндама оқыды.

Анна Буць жаһанды жайлаған дағдарысқа қарамастан былтыр Одақ елдерінің агро азық-түлік секторында дамудың оң үрдісі байқалатынын атап өтті: ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3 пайызға, ал азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 1,5 пайызға ұлғайған.

Одақтың АӨК даму болжамына сәйкес 2017 жылы үшінші елдерден импортты азайту, атап айтсақ, ет өнімдерін, картоп пен одан дайындалған өнімдерді – 2 есеге, сүн өнімдерін – 45 пайызға, а қантты 36 пайызға төмендету көзделіп отыр.

Дереккөз: bnews.kz

7 маусым 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.