Түркияның оңтүстігінде, Османие қаласының маңында оқушылар мінген автобус жолдан шығып кетіп, каналға құлады, деп хабарлайды ВВС.
Апат салдарынан кем дегенде 14 адам мерт болды.
Жиырмаға тартасы ауруханаға жеткізілген. Түркиялық БАҚ ақпаратынша, ажал құшқандар арасында алты бала мен сегіз ересек адам бар.
Түркияның телеарналары автобусты кранның көмегімен каналдан алып шығып жатқан сәтін көрсетті. Доган агенттігінің мәліметінше, автобус балаларды Каратепеге жасаған экскурсиядан кейін үйлеріне апара жатқан.
Жолаушылардың дені – оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. БАҚ хабарлауынша, қайғылы оқиға жүргізушінің рөлге ие бола алмауынан орын алған.
Дереккөз: bnews.kz