Атырау, 27 қараша 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Ауғанстанда АҚШ тілшісі қаза тапты

1 819 просмотра

Image 0Ауғанстанда АҚШ-тың ұлттық қоғамдық радио тілшісі Дэвид Гилкей мен оның аудармашысы қаза болды.

Бұл туралы радиостансаның баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімдемеде радио қызметкерлері ауған әскерімен бірге жолға шыққан кезде оққа ұшқаны айтылған. Көште олармен бірге радионың тағы екі тілшісі болған. Сәтін салғанда, олар дін аман. Радиостанса басшылығы тілшілер кімнің оғынан опат болғаны туралы жақ ашпады. Тек қаза тапқан Дэвид Гилкей Ауғанстан, Ирак, Газа секторы мен Оңтүстік Африка, Сомали елдеріндегі соғыс барысын баяндап тұрған тілші екені ғана айтылған.

Дереккөз: 24.kz

6 маусым 2016, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.