2016 жылдың басынан бері Атырау облысында 17 адам суға батып кетті. Осынау қайғылы статистика бойынша біздің өңіріміз бірінші орында.
БӨАЖҚЖ сүңгуір-құтқару қызметінің бастығы Самат ҚҰМАШЕВТЫҢ айтуынша, биылғы шомылу кезеңінде (15 маусым мен 1 қыркүйек аралығында) Атырауға судан құтқару жұмыстарына ҚР Қорғаныс министрлігінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жаңа «Амфибия» арнайы жасағы жұмылдырылатын болады. Қазір «Ренко» мейманханасы маңындағы судан құтқару станциясында «амфибия» мен БОАЖҚЖ сүңгуірлерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтуде. Шомылу маусымында судан құтқару станциясында 25 арнайы жасақтан тұратын бөлімше кезекшілік етеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген С.Құмашев