Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Баспаналы болса да, баспанасыз қалғандар

Сурет
1 928 просмотра


Қазіргі уақытта басыңда баспанаң бола тұрып, далада қалуға болады. Осындай тағдыр тәлкегі ерлі-зайыпты ХУДИНДЕРДІҢ де басынан өтуде.

Атыраудың байырғы тұрғындары Нәжімеденов көшесінің бойындағы шағын жеке үйде бейқам өмір сүріп жатты. Жаңбыр суы үйлерін баспай тұрып осы жерде еңбек етіп, балаларын өсірді, өз қолдарымен өсірген жеміс бағына күтім жасады. Осыдан үш жыл бұрын ауланың дәл іргесіндегі жолға асфальттың жаңа қабатын төсеген еді. Содан кейін үй ылдида қалды. Енді толассыз жауған жаңбыр олар үшін бас қатырған проблемаға айналды. Жеміс ағаштары ылғалдың молдығынан шіріп жатыр, ал салынғанына жарты ғасырдай болған үйлері мүлдем отырып қалды.

Жақында үйдің қабырғасы жарылып, үйді екіге бөлді. Енді қожайындар опырылып құлап қалады деп қатты уайымдай бастады.

Қауіптері расталды. Үй қабырғаларының бірі құлай бастап, оны дер кезінде шкафпен тіреп үлгерді. Үрейленген үй иелері аулаға көшіп, дивандарын, азын-аулақ заттары мен тоңазытқышын ала шықты.

Тек ауа-райының қолайсыздығы, күннің суықтығы мен мазасыз масалар ғана оларды үй табалдырығынан аттауға мәжбүр етеді. Отағасы Владимир Николаевич өздеріне қалалық сәулет және ТКШ бөлімінен комиссия келгенін айтты. Мамандар оларға жаны ашып, жаңа баспанаға құжаттар тапсыруды ұсынған. Зейнеткерлер құжат тапсырыпты. Бірақ оларға баспананы қашан береді және ол беріле ме? Қазір Худиндерге ұлдары мен бей-жай қарай алмайтын көршілері көмектесуде.

Екі ұлдарының біріне көрші қаладағы жұмысынан шығып, ата-анасына келіп, суды тартып шығару үшін жабдық сатып алуға тура келген. Бұған дейін вакуумдарды жалға алуға ерлі-зайыптылардың бүкіл отбасылық бюджеті кетіпті.

Әрі қарай не болады? Жауап жоқ.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

6 маусым 2016, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.