Бельгияда жолаушылар және жүк пойыздары соқтығысып, кем дегенде үш адам қаза тапты, тағы қырығы жапа шеккен. Бұл туралы бүгін Сен Жорж-сюр-Мез муниципалитетінің билігі хабарлады, деп жазады Lenta.ru.
Оқыс оқиға 5 маусым күні жергілікті уақытпен түнгі он бірлер шамасында Лье провинциясындағы Сен-Жорж-сюр-Мез бен Анжи коммуналарының шекарасында орын алған. Бельгия теміржолының мәліметінше, жолаушылар пойызы жүк құрамының артқы бөлігіне соғылып, салдарынан екі жолаушылар вагоны рельстен шығып кеткен.
Әзірге оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында щұғыл қызметтер жұмыс істеуде.
2010 жылдың ақпан айында Бельгияның Буизинген қалашығында қос жолаушылар пойызы соқтығысып, 18 адам ажал құшқан еді. Жүзден астам жолаушы жараланды. Төтенше жағдайға пойыздардың бірінің бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, жүріп өтуі себеп болған.
Дереккөз: bnews.kz