Атырау, 28 қараша 23:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жолшылар үшін мамыр өнімсіз болды

2 555 просмотра

«Атырауинждорстрой» ЖШС Атырау қаласы мен қала маңындағы жолдар құрылысына 500 миллионнан астам теңге сомаға тапсырыс алды, деп хабарлайды кәсіпорын директоры Бөлек ӘЛМЕНБАЕВ.

Атап айтқанда, мердігер Еркінқала поселкесіндегі (ескі бөлік) 5,5 км көлік жолын сала бастады. Бұл жерде жол қызметкерлері мамыр айында Атамұра, Әленов, Оразалин және Есқалиев көшелерін асфальттады.

Самал ықшамауданында 15 км көлік жолдары мен 17 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Асфальт №1, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 17, 18, 19 және 20 көшелерге салынбақ.

Геолог поселкесіндегі Қ.Сәтпаев атындағы мектепке апаратын орталық көшенің екі жағынан жаяу жүргінші жолы салынатын болады.

Бірлік поселкесінде Бекет ата, Геологопоисковая және Тұмар ханым көшелерінде 2,7 км көлік жолы салынатын болады. Сонымен қатар Нұрсая ықшамауданындағы №11 көше (1 км) асфальтталады. Томарлы поселкесінде 5,2 км көлік жолы салынатын болады. Мамыр айында көшелердің үштен бірі асфальтталды.

- Бұдан да көп жасай алатын едік, бірақ мамырда нөсер жауын салдарынан көп уақытымызды жоғалттық, - дейді Б.Әлменбаев.

ЖШС Махамбет поселкесіндегі Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жобасымен де айналысуда. Өткел құрылысы 2014 жылы басталды, ал оны аяқтау 2017 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 12 бетон тіреудің 11-і орнатылды. Аралықтарды бетондау басталды, көпірге апаратын 8 км жолдың 7 километрі төселді. Жағалау нығайту жұмыстары басталды.

Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз жолдарының құрылысы жүргізілуде. Мамырда ұзындығы 8 км учаске асфальтталды.

Көлік жолдары комитеті биылғы жылы бір миллиард теңге бөлді – бұл 15 км жол құрылысына жетеді.

Сонымен қатар, Ақтөбе-Астрахань магистралды жолдың 458-ші шақырымы мен 468-ші шақырымын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды (Мақат поселкесінен 18 км жер).

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге, соның ішінде биыл - 872 млн теңге бөлінеді. Учаскеде қазір 54 техника мен 100-ден астам жұмысшы жұмыс жасауда. Айналма жол құрылысы салынды, су өткізу құбырлары жүргізілді.

2016 жылы осы учаскенің бес шақырымына асфальттың төменгі қабаты салынатын болады, - дейді Б.Әлменбаев.

Бұдан басқа, «Атырауинждорстрой» ЖШС Доссор поселкесін абаттандыруға жұмылдырылды. Бұл жерде 50 мың шаршы метр жол мен жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 маусым 2016, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.