Атырау, 12 мамыр 22:49
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

ЖШС директоры пара бергені үшін сотталды

3 434 просмотра

№2 қалалық сот ҚР ҚК-нің 367-бабы («Пара беру») бойынша үкім шығарды.

Бұл облыстық еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Салауат ИШАЙ мен оның орынбасары Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВТЫҢ парақорлығы туралы атышулы істің «жаңғырығы» («Жүйеден тыс жемқорлық»).

Қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Гүлфайруз КУСАЛИЕВА хабарлағандай, сот ЖШС-лердің бірінің бас директорының Дәулетьяровқа 275 мың теңге мөлшерінде пара бергенін анықтады. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өкініш білдірді. Оған 8 250 000 теңге (параның 30 есе мөлшері) айыппұл тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 маусым 2016, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.